Әлеуметтік қызметтер порталы: мүгедектігі бар тұлғалар 127 мыңнан астам қызмет алды

3773
Фотосурет: meminsito/ pixabay.com

2025 жылдың басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 127,8 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: 90 мыңға жуық оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 7,3 мың – ымдау тілі, 24,2 мың – жеке көмекші, 6,2 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Қазіргі уақытта Порталда 719 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 938 ОТҚ жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 756 ымдау тілі және 129 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -