Токаев Қазақстан әйелдерін 8 наурыз құттықтады

7084
Фотосурет: Gov

8 наурызда Касым-Жомарт Токаев Қазақстанның әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өз құттықтауында Мемлекет басшысы әйелдердің қоғамдағы рөлі, олардың елдің дамуына қосқан үлесі және отбасы мен кәсіби өмірдегі үйлесімділікке ұмтылысының маңыздылығын атап өтті.

Қымбатты ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – сұлулық пен мейірімділіктің символына айналған шуақты мереке. Халқымыз ежелден анасын ардақтап, қыздарын қадірлей білген. Көптеген аруларымыздың есімі төл тарихымызға
алтын әріппен жазылған. Қазір Қазақстанда әйелдер түрлі кәсіппен айналысып, бизнесте және қоғамдық қызметте зор табысқа жетіп жүр. Олар биік белестерді бағындырып қана қоймай, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді. Барлық әйелдердің адал еңбегі ең жоғары бағаға лайық. Осы сәтті пайдаланып, Қазақстандағы аналар мен арулардың бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Мемлекет әйелдердің құқықтарын қорғауға және барша азаматтың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауға әрдайым баса назар аударады. Жанашырлық, жауапкершілік, жасампаздық сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңірген әйелдер қауымы еліміздегі ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруға зор үлес қоса береді деп сенемін. Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін! Касым-Жомарт Токаев
 
 
 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -