2020-2024 жылдары ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің көмегімен жер қойнауын пайдаланушылармен 39,6 млрд теңгеге қатты пайдалы қазбалар бойынша 70 офтейк келісімшарты және 226,1 млрд теңгеге 353 ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Өндірушілер негізінен машина жасау, металлургия өнеркәсібі және металл өңдеу, жеңіл және химия өнеркәсібі салаларындағы мониторинг субъектілерімен келісім-шарттар жасайды.
Машина жасау кәсіпорындары өнімдердің кең ассортиментін жеткізеді, соның ішінде трансформаторлар, мұнай және газ өндіру құбырлары, сорғылар, автоматтандырылған басқару жүйелері, ілмекті жабдықтар, электрлік суасты сорғылары және әртүрлі жабдықтардың қосалқы бөлшектері.
Металлургия өнеркәсібі және металл өңдеу өндірушілері тұтас таптамалы доңғалақтарды, конвейер роликтерін, түсті бұйымдарды, металл конструкцияларын, редукторларды, ілмекті арматураларды, шыңдалғыларды, швеллерлерді, бұрыштарды және басқа да металл бұйымдарын жеткізеді.
Одан бөлек, мониторинг субъектілері жеңіл өнеркәсіп тауарларын – арнайы киім мен аяқ киімді жеткізуге келісім-шарттар жасайды.
Химия өнеркәсібі саласындағы компаниялар резеңке-металл қаптамаларын, графиттелген электродтарды, әкті және басқа да химиялық өнімдерді жеткізуге келісім-шарттар жасайды.
Оффтейк келісім-шарттары бар кәсіпорындар Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар облыстары өңірлерінде кеңінен таралған.
Шығыс Қазақстан облысы офтейк келісім-шартын жасасқан өндірушілер саны бойынша көш бастап тұр. Бұл өңірдегі тау-кен металлургия өнеркәсібі дамыған, сонымен қатар «Қазцинк», «KAZ Minerals» сияқты ірі кәсіпорындардың болуымен байланысты.
Қарағанды облысы да металлургия және машина жасау саласында оффтейк келісімшарттары жасалған маңызды аймақ болып табылады.
Соңғы жылдары Ақтөбе облысында металлургия, жеңіл өнеркәсіп, резеңке және пластмасса өнеркәсібі салаларындағы өндірушілермен офтейк келісім-шарттар саны артқан.
Павлодар облысында тау-кен өнеркәсібіне арналған тұтас таптамалы доңғалақтар және жоғары қысымды түтіктер сияқты өнімдерді жеткізуге келісім-шарттар жасалуда.