Ұлттық ұлан офицері қарулы бұзақыны залалсыздандырды

4785
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Петропавлда Ұлттық ұлан офицері бұзақының қолынан қаруды алып қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әскери қызметші туыстарынан қайтып келе жатып, үйдің ауласында мас күйдегі кісінің өтіп бара жатқан адамдарға тапаншаға ұқсас затты сермеп тұрғанын көрген.

Офицер бұзақының қасына дереу жеткен сәтте, ол тапаншаны әскери қызметшіге бағыттады. Капитан қоян-қолтық ұрыс әдістерін қолдана отырып, жас жігітті қозғалтпай ұстап, полиция қызметкерлері келгенше жібермей тұрды.

Содан кейін ұландық оны оқиға орнына келген ішкі істер органдарының қызметтік жасағына тапсырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -