Ұлттық ұланның Ерлер хоры медициналық қызметтегі әскери қызметшілерді 8 наурызбен құттықтады

4070
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Ерлер хоры медициналық қызметтегі әскери қызметшілерді Халықаралық әйелдер күнімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Олар сахна мен микрофонсыз, бейресми жағдайда әйелдер отырған кабинетке кіріп, «Дарите женщинам цветы» әнін орындады.

Бұл күтпеген музыкалық сыйлық нәзік жандарға ерекше әсер қалдырды. Құттықтау сәті видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерге жүктелді. Ролик жылдам танымалдыққа ие болып, 5 мыңнан астам лайк пен 200-ден аса жағымды пікір жинады. Пайдаланушылар әскери қызметшілердің шынайы ықыласын атап өтіп, жылы лебіздерін білдіруде.

Ерлер хорының көркемдік жетекшісі лейтенант Бауыржан Алтынбеков бұл идеяның аяқасты келгенін айтты:

“Біз ерекше, бейресми нәрсе жасағымыз келді. Бұл жай ғана құттықтау емес, есте қаларлық сәт болғанын қаладық. Реакцияға қарағанда, мақсатымызға жеттік”

Ән орындалғаннан кейін ерлер әйелдерге гүл сыйлап, оларға бақыт, денсаулық және қызметте табыс тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -