Халықаралық әйелдер күнінде Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Бас әскери-клиникалық госпитальға барды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Қорғаныс министрінің атынан дәрігер әйелдерге адал қызметі мен жанқиярлық еңбегі үшін алғыс айтты.
– Пациенттерге деген қамқорлық пен мейірім деріңіз үшін сіздерге рахмет. Өйткені, кейде мұның көмегі дәрі-дәрмектен кем емес, – деп атап өтті ол.
Департамент бастығы медицина қызметкерлері мен пациенттерге құр қол келген жоқ. Ол ақ халатты абзал жардар мен ем делушілерге гүл ұсынып, торт тарту етті.
– Әскери госпитальдың барлық дәрігерлері мен медицина қызметкерлеріне қиын әрі жауапты миссияны орындағаны үшін алғыс айтамыз, – деді Әскери госпиталь пациенті Әсем Оспанова.
Кардиоревматология бөлімшесінің бастығы медицина қызметінің майоры Аян Хайруллин мен гинекология бөлімшесінің бастығы медицина қызметінің подполковнигі Айнұр Нұғыманова әділет полковнигі Тілеухан Басқожаевқа ізгі тілектері үшін алғыс білдірді.