ТЖД қызметкерлері жаңартылған қызметтік пәтерлердің кілттерін алды

2530
Фотосурет: Gov

8 наурыз-Дүниежүзілік әйелдер күнін мерекелеу құрметіне ҚР ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов елордалық ТЖД екі қызметкеріне жаңартылған пәтерлердің кілттерін табыс етті. Қызметтік жатақханадағы тұрғын үй - жайлар толық жиһаздалған және жайлы тұру үшін қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жөндеу және жарақтандыру жұмыстары қазақстандық құтқарушылар Қорының қаражаты есебінен жүргізілді. Жақын арада балалар бөлмесі мен кір жуатын бөлме де жабдықталады.

Қазақстан ТЖМ - қызметкерлерді әлеуметтік қолдау ведомствоның маңызды басымдығы екенін және қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету кезең — кезеңімен жалғасатынын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -