Түркістан облысында діни экстремистер тобы анықталды

6369
Фотосурет: Gov

Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды

Ішкі істер органдарының қызметкерлері Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратып, діни алауыздықты қоздыруға тырысқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері ҰҚК-мен бірлесіп, құрамында Мақтаарал ауданының тұрғындары бар радикалды діни топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бұл топқа радикалды діни көзқарастары бойынша біріккені анықталды. Олар әлеуметтік желілерде басқа діндегі азаматтардың қадір-қасиетін және діни сезімдерін қорлайтын сөздер жариялап отырған. Сот бұрын экстремистік деп таныған аудио және бейнематериалдарды халық арасында таратқан"  ІІМ

Күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орындарын тінту барысында 20-дан астам діни әдебиет, есірткі құралдары, оқ-дәрілер, заңсыз сақталған қару және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Топ жетекшілері соттың санкциясымен қамауға алынды.

Жасалған қылмыстық әрекеттердің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -