Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қызылжар ауданының Бескөл және жылыжай ауылдарында ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күшімен қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары жалғасуда.

50 әскери қызметші мен 4 техника жұмылдырылды.
Жұмыстар аясында 1900 дана қапшықтар дайындалып, 180 метр полипропилен төсеніші салынды.

Барлық іс-шаралар елді мекендерді Есіл өзенінің тасқын суларымен су басуынан қорғауға бағытталған. Жұмыс жалғасуда.