«Шығыс» әскери полигонында зымыран әскерінің оқу-жаттығулары өтті

3388
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизоны

Абай гарнизонында орналасқан 36803 әскери бөлімінің жеке құрамы «Шығыс» түраралық полигонында жауынгерлік шеберліктерін шыңдады. Тактикалық оқу-жаттығуларына мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздар да қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осылайша, әскерилер жауынгерлік даярлықтарын штатты қарулардан атуда және атысты басқаруды ұйымдастыруда өздерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.

Тактикалық оқу-жаттығуына дайындалу алдын ала жүзеге асырылды. Жеке құрам қауіпсіздік шараларын, атуды орындау тәртібін зерделеді, оқ-дәрілерді салу бойынша нормативтерді орындады, бөлімшені және зымыран жүйесін жауынгерлік жағдайға көшіру бойынша жаттығуларды іске асырды. Кейін «Смерч» дүркіндетіп ату реактивті жүйесімен шартты жауды білдіретін нысаналарға оқ жаудырды.

«Смерч» дүркіндетіп ату реактивті жүйелері арқылы атылған зымыран ұзақтығы 90 шақырымға дейін жетеді. Бір қондырғыда зымырандарға арналған 12 бағыттаушы бар және оқ ату қуатына ие. Бір атыспен «Смерч» 280 гектар болатын аумақты талқандай алады.

36803 әскери бөлімінің батарея командирі лейтенант Бекболат Ахмедияровтың айтуынша, 36803 әскери бөлімінің зымыраншылары қатысқан тактикалық оқу-жаттығулары жоғары деңгейде өткізілді.

- Жаттығу барысында сарбаздар жауынгерлік машинаны қолдануды, белгіленген нысананы дұрыс көздеу сынды оқу сұрақтары қарастырылып, алған теориялық білімдерін іс жүзінде іске асырды. Осындай тәжірибелік атулар өзінің жауынгерлік техникасының күш қуатын сезінуге мүмкіндік береді. Сарбаздар техниканың тактикалық сипаттамаларын біліп, оларды барынша пайдалана білгенде ғана ұрыс алаңында жеңіске жетуге болады, - дейді лейтенант Бекболат Ахмедияров.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -