Прокурорлық бақылау: құмар ойындар үшін мемлекеттік қызметшілер жұмыстан шығарылды

5016
Фотосурет: pexels.com

Өткен жылғы шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) толықтырулар енгізілді, соған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынады, әйтпесе олар теріс себептермен жұмыстан шығарылуға жатады, деп хабарлайды DKnews.kz.
 
Талдау шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері анықталды.


 
Мәселен, Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы Заң талаптарын бұза отырып, «1XBET» букмекерлік кеңсесінде жүйелі негізде «ставкалар» қоюды жүзеге асырған.
 
Осындай бұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандарына қатысты анықталды.
 
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған лауазымды адамдар жұмыстан босатылды, барлық мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына қатаң көрсетілді.
 
Қадағалау органы мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жауаптылық туралы еске салады және қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 - 2025