Қазақстандық делегация Барселонадағы Mobile World Congress көрмесіне қатысты

1837
Фотосурет: Gov

Барселона қаласында өткен Mobile World Congress көрмесінде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев бастаған делегация әскери мақсаттағы жасанды интеллекттің жаңа технологияларымен және әзірлемелерімен танысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара аясында 5G дамытуға, жасанды интеллектті енгізуге, әскери салада кванттық технологияларды қолдануға арналған мастер-класстар мен сарапшылардың баяндамалары ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек қазақстандық мамандар қазіргі заманғы халықаралық қақтығыстар контекстінде гибридтік қатерлер мен кибертехнологияларға қарсы тұрарлық инновациялық тәсілдер қарастырылған тақырыптық семинарларға да қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -