Астанада қыс: коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді

1870
Фотосурет: Gov

Астанада толассыз жауған қар мен көктайғақтың алдын алу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қыс мезгілі басталғалы коммуналдық қызметтер тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Наурыздың 11-і мен 12-сі аралығындағы түнгі ауысымда қар тазалау жұмысына 444 жол қызметкері мен 1808 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

11 наурызда коммуналдық қызметтер 4199 ауыр жүк көлігімен қаладан 56 727 текше метр қар шығарды.

Қыс мезгілігің басынан бері 584 773 ауыр жүк көлігімен қаладан 7,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -