Павлодарда сарбаздар Әскери даңқ музейінде болды

1452
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5512 әскери бөлімінің мерзімді әскери  қызметшілері  әскери даңқ музейінде болды. Соғыс кезіндегі құнды жәдігерлерге толы нысанда ұландықтар  Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Поддубныйды еске алуға арналған іс-шараға қатысты. Қанмайданда өлшеусіз ерлік үлгісін көрсете білген жауынгер жайында Ұлттық ұлан сарбаздары өлең оқып,  батырдың жауынгерлік жолына көз тастады, деп хабарлайды DKnews.kz.

- Біз «Жеңіске 100 күн қалғанда» республикалық акциясы аясында соғыс ардагері жайында мардым ақпаратқа қанық болдық. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас отан қорғаушылар үшін ардагер жәдігерлерімен танысу жауынгерлік рухымыздың нығайып, Отанға деген сүйіспеншілігімізді  арттыратыны сөзсіз. Мұндай іс-шараларды өткізу біздің әскери бөлімде дәстүрге айналған. Бүгінгі іс-шарадан қаруластарым рухани азық алады деген ойдамын, - дейді қатардағы жауынгер Дәулет Жұмағали.

Сарбаздардың әскери борышын өтейтін өңір тарихымен танысып, жергілікті майдангер тұлғалар жайында мағлұмат алуы  – олардың білім көкжиектерін кеңейтеді дейді әскери бөлім мамандары. Музей қызметкерлері үшін де сарбаздарға мұражай мұрасын таныстыру зор шабыт сыйлады. Себебі еліміздің басқа өңірінен келгендер Ұлы Отан соғысы ардагері жайындағы әрбір ақпаратқа  зейін қойып мән береді екен.

Еске салайық,  Поддубный Николай Григорьевич Жаңасібір облысында дүниеге келген. Ол Солтүстік-батыс  және Украина майданында соғысып, жарақат алған. Жеңісті Германияның Баутцен қаласында қарсы алды. Жауынгерлік ерліктері үшін "Ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен, “Кеңес Одағының маршалы Жуков” орденімен, “Отан соғысы” орденімен, мерейтойлық наградалармен марапатталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -