FlyArystan әуе компаниясының жаңа ұшағы Қазақстанға келді

Фотосурет: FlyArystan

FlyArystan қазақстандық лоукостері әуе флотын толықтыруды қарқынды түрде жалғастыруда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әуекомпаниясының 25-ші ұшағы, 180 орынға арналған Airbus A320 CEO, Наурыз мерекесіне орай танымал бағыттардағы орын санын арттыру үшін пайдалануға енгізілді. Бұған дейін хабарланғандай, наурыз айында FlyArystan Алматы, Астана және Атыраудан негізгі бағыттар бойынша рейстердің жиілігін арттырды.

«Әуе паркіміздің кеңеюі – FlyArystan маршруттық желісінің дамуындағы негізгі стратегиялық қадам. Ағымдағы жылы<> біз маусымдық және тұрақты бағыттарды қайта жаңартып, жолаушыларымызға жоғары деңгейдегі қолайлылықты ұсынудамыз. Сонымен қатар, 2025 жылдың маусым айында Қарағандыдан Ыстамбұлға жаңа бағыт ашу жоспарланған, бұл өз кезегінде біздің мүмкіндіктерімізді арттырып, халықаралық бағыттардағы байланыстарымызды нығайтады. Біз әлі де маршруттар желісін белсенді түрде дамытып, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі<> сұранысты қанағаттандыруға және жолаушыларға ел ішінде және шетелге сапарларды одан әрі ыңғайлы әрі қолжетімді етуге ниеттіміз» Ричард Леджер, «FlyArystan» АҚ президенті

FlyArystan компаниясының 25-ші ұшағына «Темірқазық» атауы берілді, бұл атау қазақ тілінде ең жарқын әрі айқын аспан нысандарының бірі полярлық жұлдызға арналады. Полярлық жұлдыз ертеден саяхатшыларға түнде дұрыс жол табуға көмекші болған, әрі бағыт-бағдар беруші рөлін атқарған. Осылайша, бұл жұлдыз сенімділік пен мақсатқа ұмтылудың символына теңеледі. Ал «Темірқазық» атауы FlyArystan компаниясының жолаушыларына қолжетімді, қауіпсіз әрі ыңғайлы ұшуларды қамтамасыз ету және әуе тасымалдары нарығында өзінің орнын нығайтып, дамуды жалғастыру жолындағы мақсатына толық сәйкес келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -