Қазақстан сеньорлар арасындағы шахмат чемпионаты қалай өтті

1507
Фотосурет: KаzChess

Таразда сеньорлар арасындағы кезекті Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

50 жастан және 65 жастан асқандар санатындағы шахматшылар уақыт бақылаудың барлық нұсқасы – классика, рапид және блиц бойынша үздіктерді анықтады.

3-11 наурызда Жамбыл облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының №7 ОМБЖСМ ғимаратында өткен ересектер арасындағы шахматтан 2025 жылғы Қазақстан чемпионатына 1960–1975 жылы туған (50+ санаты) және 1959 жылы туған және одан үлкен (65+ санаты) ойыншылар қатысты.

«Қазақстан шахматының еңбек сіңірген және танылған шеберлері Таразда өткен турнирде ойдағыдай тамаша ойын көрсетті. Қазақстан шахмат федерациясында біз әртүрлі жастағы спортшылар жарысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлеміз және, әлбетте, шахмат ойынының мэтрлеріне үлкен құрметпен қараймыз. Әрдайым жоғары кәсіби деңгейді сақтайтын олар Қазақстан шахматшыларының өскелең ұрпағын тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Біз алдағы уақытта да Қазақстан шахматында ұрпақтар жалғастығы берік болуы, шахмат мектебіміздің өткенін, бүгіні мен болашағын біріктіруі үшін қажеттінің бәрін жасай береміз» Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов

50+ және 65+ екі жас санатында да қатысушы әйелдердің саны оннан аз болғандықтан, Регламент бойынша олар ерлермен бірге, бірақ бөлек есеппен жарысты. Осылайша, 50+ жас санатында старттық тізімге 50 шахматшы, соның ішінде 9 әйел кірді, 65+ жас санатында – 47 (7). Іс жүзінде екі санатта да қатысушылар саны бірдей болды – 42 (7).

Атап өтетіні, жуырда ғана сеньорлар арасындағы командалық әлем чемпионатын өткізген Чехия астанасы Прагадан оралған Қазақстан құрамасының 15 мүшесінің төртеуі ғана – Ирина Буланова мен Елена Гайченя (екеуі де – 50+), Айтқзы Баймұрзин мен Бекет Жароков (екеуі де – 65+) турнирге қатысты. Бірақ команданың капитаны Жароков Прагада формалды қосалқы ойыншы болды.

Барлық турнир швейцариялық жүйе бойынша 9 турмен өтті:

  • 3–9 наурыз, классика 90+30 (әр ойыншыға партияға 90 минут беріледі және әр жасалған жүріс үшін біріншісінен бастап 30 секунд қосылады);
  • 10 наурыз, рапид 10+5;
  • 11 наурыз, блиц 5+3.

50+ әйелдер

Классика: 1. WGM Елена Анкудинова (1897, Павлодар) – 6½ ұпай; 2. Нұргүл Иланбекова (1619, Тараз) – 5½; 3. WFM Ирина Буланова (1963, Алматы) – 5.

Рапид: 1. WGM Елена Анкудинова (1974, Павлодар) – 7 ұпай; 2. WFM Ирина Буланова (1934, Алматы) – 4½; 3. Елена Гайченя (1894, Алматы) – 4½.

Блиц: 1. WGM Елена Анкудинова (1889, Павлодар) – 6 ұпай; 2. WFM Ирина Буланова (1907, Алматы) – 6; 3. Елена Гайченя (2039, Алматы) – 4½.

Прагада жүлделі орындарды ғана емес, чемпион атағын да сарапқа салу үшін біздің әйелдер құрамасына жетіспеген осы ойыншы екен! Елена Анкудинова бастапқы өтінімде болды, бірақ дәлелді себеппен Прагаға сапардан бас тартты. Ал өткен жылдың чемпионы және біздің құраманың көшбасшысы Әлфия Төребаева (2025) Прагадан кейін демалыс алу керек деп шешті.

Нәтижесінде Анкудинова уақыт бақылаудың барлық үш нұсқасында турнирлерде жеңіске жетіп, абсолютті чемпион атанды! Оның үстіне рапидте, ерлердің ішінен одан Нұрлан Досов қана озды, оның өзінде қысқартылған Бухгольц коэффициенті бойынша ғана…

50+ ерлер

Классика: 1. FM Нұрлан Досов (2153, Астана) – 7½ ұпай; 2. Полатбек Дәуітов (1884, Түркістан обл.) – 6½; 3. Абай Ақшыбеков (2168, Тараз) – 6½.

Рапид: 1. FM Нұрлан Досов (2214, Астана) – 7 ұпай; 2. WGM Елена Анкудинова (1974, Павлодар) – 7; 3. Олег Головчук (2126, Шымкент) – 7.

Блиц: 1. Сман Мүтәлиев (1854, Шымкент) – 7½ ұпай; 2. Олег Головчук (2128, Шымкент) – 6½; 3. Берік Қошжанов (1831, Шымкент) – 6½.

Классикада бірден 5 шахматшы 6½ ұпайдан жинады. Қысқартылған Бухгольц коэффициенті бойынша Елена Анкудинова, Олег Головчук (2118, Шымкент) пен Арман Оспановты (2052, Астана) жүлдегерлер санатынан тыс қалды. 5 ұпай жинаған өткен жылдың чемпионы Ғалымжан Ыбыраев (2059, Қызылорда) 13-орынға ғана табан тіреді.

Екі алтын медальді қанағат тұтқан 60 жасар ФИДЕ шебері Нұрлан Досов блиц стартына шыққан жоқ.

65+ әйелдер

Классика: 1. Инна Матвеева-Попрукайло (1612, Алматы) – 4½ ұпай; 2. Гульзада Бердешева (1553, Жетісу обл.) – 4½; 3. Елена Деревянко (1660, Тараз) – 4.

Рапид: 1. Елена Деревянко (1660, Тараз) – 4 ұпай; 2. Людмила Белаш (1552, Павлодар) – 4; 3. Зәйтүна Тұралиева (1572, Ақтөбе) – 4.

Блиц: 1. Ғалия Баженова (1508, Павлодар) – 5 ұпай; 2. Гүлзада Бердешева (1553, Жетісу обл.) – 4½; 3. Зәйтүна Тұралиева (1786, Ақтөбе) – 4.

86 жастағы Инна Николаевна Матвеева-Попрукайло спорт саласында көп жасаудың керемет үлгісін көрсетіп жатыр! Осыдан 60 жыл бұрын, сонау 1965 жылы бірінші разрядтағы ойыншы Инна Попрукайло және спорт шебері Аида Муслимова қазақстандық шахматшылардан біріншілері болып КСРО чемпионатының финалында ойнады. 1973 жылы шеберлікке кандидат Инна Матвеева-Попрукайло Қазақ КСР чемпионы атанса, тағы үш рет (1958, 1968 және 1974 жылдары) 2-ші орынды жеңіп алды. 1975 жылы КСРО халықтарының VI Спартакиадасында Қазақстан құрамасының мүшесі ретінде жарысқа қатысқан елордалық №2 перзентхананың дәрігері кейіннен шахмат ойнаудан алшақтап, өмірін жақсы көретін жұмысына арнады. 2009 жылы зейнетке шығып, «Дебют» ОШК жаттықтырушы болған кезде ғана Үлкен шахматқа қайта оралды. 2023 жылы ол 65+ сеньорлар арасындағы Азия чемпионатында жеңіске жетті!

Өткен жылдың чемпионы Зәйтүна Тұралиева (1652, Ақтөбе) классикадан 4-ші орын алды.

65+ ерлер

Классика: 1. Ұран Бекентаев (1940, Ақтөбе) – 7½ ұпай; 2. Виктор Сивирин (1856, Ақтөбе) – 7½; 3. Қуанышбек Жұмадуллаев (2081, Түркістан обл.) – 7.

Рапид: 1. IM Айтқазы Баймұрзин (1905, Тараз) – 7 ұпай; 2. Құнанбай Сағынаев (1807, Астана) – 6½; 3. IM Төлеген Нукин (1911, Павлодар) – 6½.

Блиц: 1. IM Айтқазы Баймұрзин (1968, Тараз) – 7 ұпай; 2. Қуанышбек Жұмадуллаев (2038, Түркістан обл.) – 7; 3. Ұран Бекентаев (1841, Ақтөбе) – 7.

Өткен жылдың чемпионы Владислав Насыбуллин (2324), сондай-ақ 2025 жылы Прагада өткен командалық әлем чемпионатының тағы екі қатысушысы – Марат Пірімбетов (2113) пен Алексей Блохин (1864) қатыспаған бұл жарыста классикадан 1-ші орынды осы жас санатына «жаңадан қосылған» 65 жастағы Ұран Бекентаев жеңіп алды. Ұран Мұңайдарұлы ұзақ жылдар Ақтөбе облысының Қаржы басқармасында еңбек етті, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды, ал қазіргі уақытта ОМБЖСМ зияткерлік спорт бойынша жаттықтырушы ретінде балалармен жұмыс жасайды.

Прагадағы ойынына көңілі толмаған халықаралық шебер Айтқазы Баймұрзин (1963) классикадан небары 4-ші орынға ие болды, бірақ жылдам шахматта жағдайын жақсартты.

Турнирдің кепілдендірілген жүлде қоры 3 млн теңге құрады. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальмен бірге ақшалай сыйлыққа ие болды: классикада 250 000 теңге – 1-ші орын үшін, ₸150 000 – 2-ші орын үшін және ₸100 000 – за 3-ші орын үшін, рапид пен блицте сәйкесінше ₸60 000, ₸40 000 және ₸25 000.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -