Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті E-Salyk Azamat және E-Salyk Business мобильді қосымшаларында алаяқтық әрекеттерінің орын алғанын анықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Осыған байланысты e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшаларының пайдаланушыларына келесі сақтық шараларын сақтау сұралады:
- e-Salyq Azamat немесе e-Salyq Business атынан келген хабарламалардағы күдікті файлдарды ашпаңыз (e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшалары мессенджерлерге ешқандай хабарламалар жібермейді);
- WhatsApp, Telegram және басқа мессенджерлерде келген e-Salyq Azamat немесе e-Salyq Business атынан жазылған хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз;
- сұралған мәліметтерді (толық аты-жөні, байланыс нөмірі, қызметі, мекенжайы және басқа деректер) толтырып бермеңіз;
- техникалық сипаттағы сұрақтар бойынша e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшаларының қолдау қызметіне support_portal@kgd.minfin.gov.kz поштасына хабарласыңыз.