Ақтөбе-Орал және Қалбатау-Көкпекті тас жолдары қайта ашылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылғы 13 наурыз сағат 01:30-да Батыс Қазақстан облысында «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 195-251 шақырым аралығындағы (РФ шекарасы учаскесі-Орал қаласына дейін) учаскесінде көлік қозғалысы ашылады.
2025 жылғы 13 наурыз сағат 07:00-да Абай облысында "ҚХР шек. – Майқапшағай –Зайсан айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шек." автожолының 910-1002 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау а. - Көкпекті а.) учаскесінде көлік қозғалысы ашылады.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.