Өскеменде ұландықтар қар құрсауында қалған ардагердің ауласын тазалады

5346
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Тоқсан тоғыз  жастағы  Ұлы Отан соғысының  ардагері Макар Харин  Өскемен қаласының Согра кентінде  қызымен бірге тұрады.

Биыл жауған толассыз қалың қар  ардагерді  әбігерге салған.  Жасамыс үшін үйден көшеге шығу тұрмақ, аулаға аяқ басудың өзі мұңға айналыпты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Төңіректі басқан  ақ ұлпа  күн жылығанда суға айналып, үйге кіріп кетеді ме деген уайым да қар құрсауында қалған майдангердің  мазасын алып, сабырын қашырған.

Осы орайда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты  6699 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көнекөздің үйіне барып, ауласын қардан тазалап, қолғабыс жасады.

"Біз «Жеңіске 100 күн қалғанда» республикалық акциясы аясында қоғамдық орындарда соғыс әндерін шырқап, мәдени шаралар ұйымдастырып ғана қоймай,  көмекке зәру қарияларға да қолдан келгенше қолғабыс танытамыз. Әсіресе ардагерлердің ерлігі мен еңбегін құрметтеу – біздің қасиетті борышымыз. Олардың жанқиярлығы және де  қайсарлығы бізге бейбіт өмір сыйлады. Согра кентінде тұратын  майдангердің ауласын тазалау – Жеңіске үлес қосқан жанға деген  ризашылығымызды білдірудің маңызды мүмкіндігі деп білеміз" 6699 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімше бастығының аға көмекшісі майор Нұрбек Жукубаев

Ұлттық ұлан қатарындағы он шақты әскери қызметші аздаған уақыттың ішінде қар басып қалған ауланы мұнтаздай таза етті.  Әскери қызметшілердің  іс-әрекетіне көңілі толған ардагер ұландықтарға алғысын білдірді. Айта кетейік, Макар Родионович 1926 жылы  Алтай өлкесіндегі  Чарыш ауданы, Маралиха ауылында дүниеге келген. 1943 жылы қарашада әскер қатарына шақырылып, Жаңасібір облысы Бердск қаласына жіберілді.  Жас жауынгер  атқыш ретінде курстық дайындықтан өтіп, әрімен қарай  Эстониядағы аттанады. Қанмайданда   минометші және мерген  болған азамат  жаудың көзін жояда ерен ерлік үлгісін көрсете білді.  Ардагер   ІІ-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Германияны жеңгені үшін” медалімен, сонымен қатар  мерейтойлық медальдармен марапатталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 - 2025