МҚҰ мәртебесін қалай тексеруге болады және несие бойынша қиындықтардан қалай сақтану керек?

1133
Фотосурет: freepik

Микроқаржы ұйымы қызметін тоқтатса, қарызды өтеу керек пе?

Қарыз өтелген болып саналмайды

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, егер шартта өзгеше көзделмесе, қарыз алушы алған қаражатты толық көлемде, есептелген пайыздарымен бірге қайтаруға міндетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

МҚҰ лицензиясынан айырылуы қарызды төлемеуге болады деген сөз емес – қарыз алушы ұйымның алдында немесе микрокредит беру шарты бойынша құқықтары (талаптары) жаңа кредиторға берілген жағдайда, сол кредитордың алдында қарыз міндеттемесін сақтайды.

2024 жылы Қазақстанда 17 ұйым лицензиядан өз еркімен бас тартты, ал 12 ұйым мәжбүрлі түрде жабылды. Оның негізгі себептері: заңнаманы жүйелі түрде бұзу, пруденциялық және өзге де нормативтерді сақтамау.

МҚҰ мәртебесін қалай тексеруге болады?

Қарыз рәсімдемес бұрын, компанияның заңды түрде жұмыс істейтініне көз жеткізген жөн. Лицензиясы бар микроқаржылық ұйымдар туралы өзекті ақпарат Агенттіктің сайтында қолжетімді.

Микрокредит алар алдында оның шарттарын мұқият бағалау маңызды: пайыздық мөлшерлеме, төлем мерзімі және кешіктірген үшін төленетін айыппұлдарға назар аударыңыз.

Қаржыға жауапкершілікпен қарау борыштық жүктемеден және қаржылық тәуекелдерден сақтануға көмектеседі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -