Қостанай және СҚО-да жолдар жабылды

2662
Фотосурет: QazAvtoJol

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылғы 13 наурыз сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

Қостанай облысы

  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 686-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы

  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Тоқсан би ауылы).

Жол учаскелерін 2025 жылғы 14 наурыз сағат 06:00-де ашу жоспарланған. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -