СҚО мен Ақмола облысында ауа райы нашарлады, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылғы 14 наурыз сағат 00:00-де ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлеріне келесі республикалық автожол учаскелерінде шектеу қойылды:
Солтүстік Қазақстан облысы
- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 595-673 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы - Тоқсан Би ауылы);
- "Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы" автожолының 0-32 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Тимирязево ауылы)
Ақмола облысы
- "Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы" автожолының 856-997 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы-37 шақырым)
Жолды 2025 жылғы 14 наурыз сағат 14:00-де ашу жоспарланған.