Елордадағы кітапханада балаларға Наурыз дәстүрлері туралы әңгімелеп берілді

1419
Фотосурет: Gov

Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №4 балалар кітапханасы «Көктемнің эстафетасын қолға ал – Наурыз!» атты мерекелік-ойын бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жиынға №24 «Айналайын» бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілері мен елордадағы №28 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шарада оларға Наурыз мерекесінің салт-дәстүрлері таныстырылды. Сондай-ақ олар «Наурыз – нұр мен ізгілік мерекесі!» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, мерекенің мағынасы мен дәстүрі туралы кітаптар қойылды.

Бағдарлама Наурыз мейрамын таныстыру, ұлттық салт-дәстүрге деген қызығушылықты ояту, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, мерекелік көңіл-күй сыйлауға бағытталды.

«Біз балаларды қазақ халқының мәдениетімен таныстырып қана қоймай, нағыз мерекелік көңіл күй жасағымыз келді. Қазақтың дәстүрлі «Шашу» ырымы ерекше сән берді. Балалар викторинаға, түрлі ойындарға қатысып, Қара жорға биін биледі. Жиын соңында барлығына сыйлықтар берілді», - деп атап өтті кітапханашы Галина Сбоева.

Балалар үшін «Көңілді Наурыз: тап және ойна!» атты қызықты викторина өткізілді, онда балалар мереке туралы не білетінін көрсетті. Осыдан соң қа «Гүл тер», «Жүйрік аттар» және басқа да қызықты сайыстар ұйымдастырды. Балалар көктем туралы тақпақтар айтып, мерекенің сәнін кіргізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -