«Отбасы – бақыт мекені»: Астанада жас отбасылар сайысқа түсті

1474
Фотосурет: Аstana akimdigi

Наурызнаманың онкүндігі аясында аталып өтетін Отбасы күніне орай елордада «Көңілді старт» атты отбасылық эстафета өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шаңырақ күні – отбасылық дәстүрлерді дәріптейтін күн. Осы датаға орай Астана кәсіптік-техникалық колледжінде спорттық шара өтіп, жас отбасылардың басын қосты.

«Отбасы – бақыт мекені» ұранымен өткен жарысты елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасы отбасылық құндылықтарды насихаттау, спорт рухын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырды.
Эстафета екі кезеңнен тұрады: іріктеу және финал. Оған ерлі-зайыптылардың бірі 35 жасқа толмаған отбасылар қатысты. Міндетті шарттардың бірі ұлттық киіммен қатысу болды.

«Бұл эстафета жыл сайын өткізілетіндіктен жақсы дәстүрге айналды. Оның басты мақсаты – қаламыздағы жас отбасылар арасында Наурыз мейрамына орай отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы институтын нығайту, қазақтың ұлттық ойындарын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау. Биыл 20-дан астам отбасы қатысып, ерекше өтті. Бұл күн барлық қатысушыға ұмытылмас әсер қалдырды деп сенеміз!» — деп атап өтті Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Балжан Қолғанат.

Эстафета жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды: бірінші орын – 200 000 теңге, екінші орын – 150 000 теңге, үшінші орын – 100 000 теңге. Белсенділік танытқан отбасыларға 20 000 теңгеден сыйақы берілді.

«Бұл эстафетаға бірнеше жылдан бері қатысып келеміз. Жүлде ұтып алған кезіміз де болды, ал енді бірде қатысқанымыздың өзінен ләззат аламыз. Бұл біздің отбасымыз үшін жақсы дәстүрге айналды. Отбасы құндылықтары мен ұлттық мәдениетті осындай ойындар арқылы дамитыны қуантады», - дейді эстафетаға қатысушы Мейрамхан Тіллаев.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -