Аягөздік әскери қызметшілер боранда қалғандарға көмек көрсетті

1452
Фотосурет: Gov

Аягөз гарнизонының сержанттары Абай облысында 32 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Абай облысындағы Шұбарбайтал ауылының маңындағы Үржар – Семей автожолынан 695 шақырым жерде қатты боранның салдарынан автокөлік легі тоқтап қалды.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқару операциясына Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 97616 әскери бөлімінен сержант Бауыржан Ақасов пен 3-сыныпты сержант Айдын Мәдімов тартылды.

Әскери қызметшілер 32 адамды, оның ішінде 15 баланы қар құрсауынан құтқарып, Аягөз қаласының уақытша орналастыру пунктіне жеткізді.

Жолаушылар әскери қызметшілерге жедел көмек көрсеткені үшін алғыс айтып, қиын жағдайда қол ұшын созған жандарға шын жүректен ризашылықтарын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -