Астанада қыста коммуналдық қызметтер 7,9 миллион текше метрден астам қарды шығарды

1584
Фотосурет: Gov

Қыс мезгілінің басынан бастап елордалық коммуналдық қызметтер қала тұрғындарының жайлы жүріп-тұруы үшін қар күреу жұмысын тоқтаусыз жүргізіп келеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

17 наурыз күні таңертең Астанада қар күреуге 2 400-ден астам жол жұмысшысы мен 1 714 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

17 наурызға қараған түні коммуналдық қызметтер 48 084 текше метр қарды қаладан 3 413 рейспен алып шықты.

Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан полигондарға 625 908 ауыр жүк рейсімен 7,9 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -