Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап елорда прокуратурасы «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдер қылмысымен күресу және олардың алдын алу бойынша жаңа жоба әзірледі, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жоба кәмелетке толмағандарды білім беру мекемелері, құқық қорғау және уәкілетті органдар, сондай-ақ олардың отбасыларымен тығыз ынтымақтастық арқылы құқықтық оқытуға бағытталған.
Мысалы, елордадағы жоғары сынып оқушылары үшін «Барыс» және «Сибирь» командалары арасындағы хоккей матчын барып көру ұйымдастырылды.
Мұндай спорттық-мәдени іс-шаралар өскелең ұрпақтың қоғамдағы байланысын әлеуметтендіруге және нығайтуға, имандылыққа тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Жоба сонымен қатар заңсыз әрекеттерге қатысудың тәуекелдері мен салдары туралы хабардар болуды арттыруға бағытталған.
Балалардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында прокуратура барлық мүдделі мамандарды, қоғамдық ұйымдар мен азаматтарды «Жас үміт» жобасын жүзеге асыруға шақырады.