Елімізге танымал «Патруль» сериалының басты актері Ұлттық ұлан сапына қосылды

1859
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

Елімізге танымал отандық «Патруль» сериалында басты рөлді сомдаған  актерлардың  бірі Білімжан Тұрсынов  Ұлттық ұлан сапына қосылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен қаласындағы  5518 әскери бөлімінде  Отан  алдындағы  борышын атқаруда. Көптің көзайымына айналған телехикаяда полиция қызметкерінің рөлін сомдаған өнерпаз көрермен көңілінен шыға білді. Атышулы сериалға түскен Білімжанға  отандық режиссерлер  киноға түсуге ұсыныс тастапты.  Алайда,  жас актер  алдымен мерзімді әскери қызметті  өткеруді жөн санаған.

- Мен Ұлттық ұлан сапына қосылғаныма қуаныштымын.  Әскери бөлімде  өнердегі жолдастарымды жүздестірдім. Мен жауынгерлік жасақ қатарында Өскемен қаласының қауіпсіздігін күзетемін. Отан алдындағы борышымды абыройлы түрде өткеру мен үшін басты міндет.  Ал өнер өлкесіне оралу әлі де кеш емес. Жалпы, өзіме комедия жанрындағы фильмдерге түскен ұнайды, - дейді қатардағы жауынгер.

Білімжан әскерге дейін Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында актер  болып қызмет атқарған. Ол өнер ошағында «Сотанайдың соңғы үйленуі»,  «Әйел махаббаты» секілді  спекталдерде өнер көрсетіпті.  Голливид жұлдызы, әйгілі актер Джони Дэппті үлгі тұтатын азамат алдағы уақытта  қазақ театр және кино өнерінің жарқын жұлдызы болуды мақсат тұтады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -