Әскер спортшысы Сербияда өткен бокстан әлем чемпионатында алтын олжалады

1232
Фотосурет: Gov

Сербияның Нише қаласында әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Сайыстың нәтижесінде Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының қызметшісі Алуа Балқыбекова 50 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шешуші жекпе-жекте ол Қытай құрамасының қызы Ху Мэйді 5-0 есебімен ұтты.

Бұған дейін Алуа Солтүстік Кореялық Ан Кум, кениялық Вероника Нзива, морокколық Ясмин Мутаки мен түркиялық Айсен Ташкинді жеңген болатын. Айта кету керек, Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс

және қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы атанған. Бұл Алуаның әлем чемпионатындағы алғашқы алтыны.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -