Әскери киімнен – ұлттық киімге

1705
Фотосурет: ҚР ҰҰ “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Орал қаласындағы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде Наурыз мерекесіне орай “Ұлттық киім күні” аталып өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл күні әскери қызметшілер дәстүрлі әскери форманың орнына ұлттық киім киіп, мерекеге ерекше сән мен жылулық сыйлады.

Мерекелік шара барысында әскери бөлімнің әйелдер қауымы сарбаздарға арнап бауырсақ, қымыз, қымыран және түрлі ұлттық тағамдар әзірледі.

Бұл іс-шара жауынгерлерге Наурыздың рухын сезінуге мүмкіндік беріп, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге арналды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -