Ұлттық ұланда "Тұсау кесу" рәсімі өтті

1848
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланда тұсау кесу рәсімі өтті Атырау қаласындағы Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған ерекше шара өтті.

Бұл күні сарбаздар дәстүрлі әскери киімдерін ұлттық нақыштағы киімдерге алмастырып, қазақ халқының рухани-мәдени мұрасын насихаттады. Мерекенің басты сәттерінің бірі – тұсау кесу рәсімі болды. Қазақ халқы үшін бұл – сәбидің болашағына ақ жол тілеп, оның алғашқы қадамын құтты етуге бағытталған киелі дәстүр. Шара барысында әскери бөлім командирі, полковник Ерлан Ипатов «Алихан» есімді бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ізгі тілегін білдірді. Ол баланың өмірі ұзақ, жолы ашық, қадамы нық болуы үшін ақ батасын беріп, дәстүрдің мән-маңызын айрықша атап өтті. Сарбаздар бұл рәсімге ерекше ықыласпен қатысып, ұлттық дәстүрлердің маңыздылығын сезінді.

Мұндай іс-шаралар әскери ортадағы рухани құндылықтарды нығайтып, сарбаздардың бойында патриотизм мен ұлттық мұраға деген құрметті арттыра түсетіні сөзсіз. 

Ертуган Аубакир

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -