Шымкентте әскерилер ұлттық киімді ұлықтады

1551
Фотосурет: Gov

Әскери қызметшілердің бешпент, шапан, қамзол секілді ұлттық киімдерді киюге әрдайым мүмкіндігі бола бермейді. Әйтсе де бүгін әскери қызметшілер дәстүрге құрмет көрсетіп, қызметке ұлттық киіммен келді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қарулы күштердің алтыншы механикаландырылған бригадасында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет Жамал Оразбектің басшылығымен мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Бақылау-өткізу пунктінде жауынгерлерді кезекшімен бірге ұлттық киім киген әйелдер қарсы алды. Бригада жеке құрамы сап түзеп, ақ жаулықты әжелер мен әскери қызметшілердің әйелдері «шашу» шашып, мерзімді қызмет сарбаздары тәттіден ауыз тиді.

Бригаданың әскери оркестрі саптық шерумен жүріп өтіп, көпшілікке танымал «Қош келдің, Наурыз!», «Көктем шақырады» және «Наурыз-думан» композицияларын орындады.

Әскери қызметшілерге ұлттық киімнің тарихы мен ерекшеліктері туралы айтылды.

Бұл мереке бізді ғасырлар қойнауына жетелеп, өзінің сұлулығымен және ыңғайлылығымен ерекшеленетін ұлттық киімнің тарихымен таныстырады. Бүгінгі іс-шара арқылы біз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-бабаларымыз бен салт-дәстүрімізге құрмет көрсетеміз Бригада командирі подполковник Сергей Биболатов

Мерекелік іс-шаралар барлық гарнизондарда өтіп, ұлттық киім көрсетілімдері, челлендждер мен театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды. Іс-шараларға қатысушылар қазақ халқының бай мәдениетімен және өзіндік ерекшелігімен танысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -