Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов бастаған Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Спорт комитетінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының дене шынықтыру және спорт саласындағы әскери басқару органдарының басшылары, сонымен қоса ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері 2030 жылға дейінгі әскери ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын, одан бөлек әскери-спорттық ойындар мен түрлі деңгейдегі жарыстарға дайындықты талқылады.
Біз достас армиялардың әріптестері ынтымақтастықтың мүмкіндіктері бағалаймыз және бірлесе әскери қызметшілерді даярлау мен дене шынықтыруды дамытуда жаңа биіктерге жете алатынымызға сенімдіміз Полковник Арман Әбеуов
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстанда 2026 жылы екі маңызды іс-шара өткізу туралы шешім қабылданды. Сәуірде бізде ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Спорт комитетінің отырысы өтеді. Бұдан басқа ТМД-ға мүше елдер достық армияларының XVII Спартакиадасы аясында қазақ күресі мен самбодан чемпионат жоспарланған.
Сол сияқты жарыстың аталған түрі ТМД-ға мүше елдердің достық армиялары арасында тұрақты түрде өтетін Спартакиаданың бағдарламасына енгізілген.