Ұлттық ұлан әскери қызметшілері су тасқынына қарсы шараларды қарқынды жүргізуде

1342
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері су тасқыны қаупі жоғары өңірлерде алдын алу жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осыған орай, Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінен Арқалық қаласына құқықтық тәртіп әскерлерінің 100 әскери қызметшісі және 9 техника бірлігі жіберілді.

Күні бойы Ақбидай және Новое шағын аудандарында ұландықтар 40-тан астам жеке тұрғын үйді қардан тазартты.

Сонымен қатар, Астана қаласы маңындағы Қоянды ауылында Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінен 30 әскери қызметші дәл осындай жұмыстар жүргізді. Олар арықтарды қардан тазарту және су тасқынын болдырмау үшін қаптарға құм толтыру жұмыстарымен айналысты.

Айта кету керек, су тасқынына қарсы іс-шаралар аяқталғаннан кейін жеке құрамға ыстық түскі ас ұйымдастырылды, ал жергілікті тұрғындар Ұлттық ұлан басшылығына жедел көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді.

Ұлттық ұлан су тасқынын алдын алу шараларын басты назарда ұстап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және тұрғындарға қолдау көрсетуді жалғастыруда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -