Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Павлодар қаласында орналасқан 6679 әскери бөлімінің 2-2024 және 1-2025 жылғы шақырылым сарбаздарымен 50 шақырымдық шеру тактикалық-арнайы сабағы өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Павлодар қаласынан бет алған шеру Мичурин кентіне дейін барып, қайта кері қайтты. Оқу-жаттығу барысында жас жауынгерлер өздерінің алған білімдерін іс-жүзінде қолданып қиын жағдайларда техниканы басқарып, әртүрлі кедергілерді еңсеріп, шектеулі және ойық өтпелерден өтті.
"Ұлттық ұлан қатарына шақыртылғанда жауынгерлік техниканы басқарудан хабарсыз едім. Ұзақ қашықтықты қамтыған бүгінгі шеруден мол тәжірибе алдым. Жол қауіпсіздігін сақтай отырып, әскери техниканы діттегеген жерге жету үлкен жауапкершілікті талап етеді" 6679 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Мирас Медеу
Ұлттық ұланның жас жүргізушілері тәжірибеде теориялық білімдерін шыңдап, әскери техниканы басқару қабілетін көрсетіп, жауынгерлік машинамен түрлі кедергілерді еңсерудің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асырды. Алдағы уақытта 50 шақырымды еңсерген жас жауынгерлер әскери көліктерді басқаруға рұқсат алатын болады.