Алматыда түнгі клубтар мен интернет-кафелер тексерілді

1320
Фотосурет: Gov

Өткен демалыс күндері Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ішкі істер органдары жасөспірімдер қылмысының алдын-алуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жастардың демалыс орындарына ерекше көңіл бөлінді. 20 компьютерлік клуб пен 15 ойын-сауық орындары тексерілді.

Рейдтердің қорытындысы бойынша 40-тан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, нәтижесінде ата-аналар мен мекеме иелеріне қатысты хаттамалар толтырылды.

Жекелеген компьютерлік клубтарға қатысты заңнаманың бұзылуына байланысты қызметін тоқтата тұру жөніндегі шараларға бастама жасалды.

Сондай-ақ тексеру кезінде басқа өңірлерден келген, түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандар анықталды. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балалар, қалалық Балаларды қолдау орталығына уақытша орналастырылды.

Мұндай алдын-алу іс-шаралары тұрақты түрде өткізіледі.

Ата-аналар балаларының бос уақытын, әсіресе түнгі уақытта бақылауы маңызды.

Ойын-сауық орындары мен компьютерлік клубтардың иелері, заңнама талаптарын қатаң сақтауы керек және кәмелетке толмағандардың өз мекемелерінде түнгі уақытта болуына жол бермеуі қажет.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -