Қазақстан БҰҰ аясында миграция бойынша жаңа жобаларды қолға алуда

1254
Фотосурет: Gov

Қазақстан көші-қон саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) Өңірлік директоры Артур Еркенмен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстанның ХКҚҰ-мен өзара іс-қимылына қатысты кең ауқымды мәселелерді, оның ішінде заңсыз көші-қонды алдын алу және адам саудасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

А.Рахметуллин Орталық Азиядағы аралас көші-қон ағындарына байланысты сын-қатерлерді шешуге бағытталған Алматы процесіне қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ тараптар 2025 жылғы 24 сәуірде Баку қаласында өтетін Алматы процесінің министрлік конференциясына дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты. Осы конференция барысында Қазақстан аталған процесте ресми түрде төрағалықты қабылдайды.

Қазақ дипломаты Алматыда құрылып жатқан БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығы аясында ХКҚҰ-мен өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді.

Алматы процессі – Орталық Азияны қамтитын босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон мәселелері бойынша өңірлік консультативтік платформа. 2013 жылы құрылған. Хатшылығы Алматы қаласында орналасқан.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -