Астанада инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды

1936
Фотосурет: Gov

Астанада Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде Білім басқармасының қолдауымен және «Samruk-Kazyna trust» қорының демеушілігімен Инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға «Samruk-Kazyna trust» қорының бас директоры Альфия Адиева, Білім басқармасының жалпы орта білім берудің мазмұны және әдістеме бөлімінің бас маманы Г.Исинова, мектеп басшылары, ата-аналар қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ерекше білім беруді қажет ететін және арнайы сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Ән айтып, классикалық музыкамен көрермен көңілін баураса, шулы аспаптар оркестрі өнерлерін паш етті.
ЛФК, логопед, психолог және дефектолог мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Бұл орталықтың мақсаты – ерекше білімді қажет ететін оқушыларды қолдап, әлеуметтік ортаға қалыптасу үшін мүмкіндік жасау. Олардың мектепке бейімделуіне, оқу процесіне толыққанды қатысуына, қауіпсіз ортада тең дәрежеде білім алуына жағдай туғызу болып саналады.

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен Логопед, дефектолог, мектеп психологтары,педагог-ассистенттер түрлі бағытта жұмыстар жүргізеді. Ашылған кабинет лого массажы, тілашар, ақылды айна, ұсақ моторикаларымен жұмыс істеуге қолайлы орын болып табылады.

Жаңа орталық «Самұрық-Қазына» ЖШС қорының демеушілігімен ашылды.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында елордадағы №22, 36, 59, 76, 90, 97, 61, 32, 52 мектептерде жаңа форматтағы кабинеттер алғаш рет ашылды. Астанадағы инклюзия кабинеттеріне қалада тұратын мектеп жасындағы ерекше қажеттіліктері бар балалардың шамамен 16%-ы қатысады. Жалпы елордада ерекше қажеттіліктері бар 21 107 бала бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -