Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 20–26 наурызда ағымдағы жылдың 5–6 ақпанында қалыптастырылған камералдық бақылау хабарламаларын орындау бойынша мерзімдер аяқталатынын хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Салық кодексінің 24–бабы 19–тармағы шеңберінде, салық органдары екінші деңгейлі банктерден (ЕДБ) жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың ағымдағы шотына төлем карточкалары (POS–терминалдар) және мобильді төлемдер (QR төлемдері) арқылы түскен қаражаттар туралы мәліметтерді алады.
Аталған мәліметтерді 2023 жылғы бақылау–кассалық машиналардың (БКМ) көрсеткіштері мен салық декларацияларымен салыстырылып талданды.
Анализ нәтижесінде кірістерді төмендету фактілері анықталып, мемлекеттік кірістер органдарымен камералдық бақылау хабарламалары қалыптастырылды.
Талдау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдары «Кірісті төмендету» бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары қалыптастырды.
Хабарламаны орындау үшін:
1) егер салық төлеуші көрсетілген бұзушылықтармен келіссе – хабарламаға сәйкес салықтық есептілікті ұсыну қажет;
2) келіспеген жағдайда – растайтын құжаттарды (шот бойынша банктен үзінді) қоса бере отырып, қағаз немесе электрондық тасығышта бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсініктеме беруге қажет.
Мұндай хабарламаларды белгіленген мерзімде орындамау Салық кодексінің 118–бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғатынын атап өтеміз.
Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтар мен кәсіпкерлерге ақшалай есеп айырысуларды жүргізу кезінде деректерді тіркеу және беру функциясы бар БКМ міндетті қолдану қажеттілігі туралы еске салады (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166–бабының 1–тармағы).
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес БКМ қолдану талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген (бірінші бұзушылық – ескерту, қайталап бұзған жағдайда – 15–тен 50 АЕК–ке дейін айыппұл салу).