Отбасылы қазақстандықтар қандай депозиттерді таңдайды және қандай мақсаттар үшін жинақтайды?

Фотосурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржылық тұрақтылық пен жинақ мәдениеті – отбасылық әл-ауқаттың маңызды бөлігі. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) және «Elim» институты жүргізген кең көлемді зерттеу нәтижелері қазақстандық отбасылардың депозиттер мен жинаққа деген қарым-қатынасын көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстандық отбасылар қандай депозиттерді таңдайды?

Сауалнама нәтижесінде белгілі болғандай, отбасылы қазақстандықтардың үштен бірінде (33%) банктерде депозиттері бар. Ерлер мен әйелдер депозит ашуда тең дәрежеде белсенді – сәйкесінше 49% және 51%.
Депозиттердің басым бөлігі теңгемен ашылған (80%). Депозит таңдаудағы негізгі факторлар:

  • жоғары пайыздық мөлшерлеме (45%),
  • ақшаны еркін шешіп алу және толықтыру мүмкіндігі (32%),
  • банктің бонус және кэшбэк бағдарламалары (11%).

Ақша жинаудың негізгі мақсаттары қандай?

Қазақстандық отбасылар үшін ең өзекті жинақтау мақсаты – «қауіпсіздік жастығын» жасау және болашаққа қор жинау (56%). Сондай-ақ:

  • 15% – жылжымайтын мүлік сатып алуға жинайды,
  • 8% – балаларының біліміне және болашағына қаржы жинақтайды (әсіресе Алматы мен Астанада).

Қалалық және ауылдық отбасылардың айырмашылығы

Қалалық отбасылар:

  • 48% – күтпеген жағдайлар мен болашақ үшін жинақтайды,
  • 6% – балалардың білім алуына бағытталған жинақ жасайды,
  • 3% – автокөлік немесе қымбат сатып алулар үшін қор жинайды.

Ауылдық отбасылар:

  • 48% – болашақ және төтенше жағдайларға арнап ақша жинайды,
  • 13% – жылжымайтын мүлік сатып алуға бағытталған,
  • 5% – балалардың білім алуына,
  • 4% – бизнесті дамыту үшін жинақ жасайды.

Жас отбасылар не үшін жинақтайды?

30 жасқа дейінгі жас отбасылардың 34%-ында депозиттері бар. Олардың 80%-ы теңгемен ашылған.
Жас отбасылар үшін негізгі жинақтау мақсаттары:

  • болашаққа резерв жасау (28%),
  • күтпеген жағдайлар үшін (22%),
  • жылжымайтын мүлік сатып алу (13%),
  • білім алу немесе жалғастыру (4%),
  • саяхаттау (4%),
  • 3% – балалардың болашағы үшін арнайы ақша жинайды.

Қазақстанда депозиттер қалай қорғалған?

ҚДКБҚ жеке тұлғалардың барлық депозиттері мен банктік шоттарындағы қаражатты қорғайды. Кепілдік сомасы:

  • теңгедегі жинақ салымдар бойынша – 20 миллион теңге,
  • басқа теңгелік депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша – 10 миллион теңге,
  • шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңге.

Әрбір банк-ҚДКБҚ қатысушысы бойынша депозиттер бөлек қорғалады. Бір банкте бірнеше салымы бар салымшы үшін де кепілдік сомасы жинақ салымы болған жағдайда 20 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін, бірақ әрбір депозит түріне қойылған лимиттер сақталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -