Бүгін Қытай елшілігі «Көктемгі жылулық туры – балалар мекемелеріне бару» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Елшілік елордадағы «Бақытты шаңырақ» орталығына Наурыз мейрамы қарсаңында қайырымдылық жасады. Елшілік «Бақытты шаңырақтың» балаларына түрлі тәттілер мен 40 балаға кеңсе тауарлары жиынтығы бар сөмке сыйлады.
Хань Чуньлинь қайырымдылық қоры мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған балаларға көмек береді. Мекеме түрлі оқыту сабақтарын өткізеді. Оны тек балаларға ғана емес, ата-аналарға да өткізеді.
Қайырымдылық қоры бір үйде бірнеше мүмкіндігі шектеулі болса, бәріне көмектесуге дайын. Мүмкіндігі шектеулі балалармен арнайы мамандарымыз жұмыс істейді. Сонымен қатар ата-аналарға қосымша семинар, тренинг өткізіп тұрамыз. Бүгінде «Бақытты шаңырақ» қорына 1010 отбасы тіркелген. Оның ішінде барлығы 2 мыңнан астам бала, ал оның ішінде 1040 мүмкіндігі шектеулі бара тіркелген. Себебі бір отбасында 2-3 мүмкіндігі шектеулі бала болуы мүмкін. Бүгін Қытай елшілігі 40 балаға қолдау көрсетіп, сыйлық берді. Елшілік логопед кабинеті мен эрготерапияға қажетті құрал-жабдықтар табыстады, - деді «Бақытты шаңырақ» орталығының жетекшісі Салтанат Ракишева.
Іс-шара аясында орталықтың тәрбиеленушілері қытайлық қонақтарға домбырамен күй шертіп, әннен тарту жасады.
Қайырымдылық іс-шарасы барысында Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлинь орталықты келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады. Елші Наурыз мерекесі Қытайдың Көктем мерекесіне ұқсас екенін айтты.
Ұлттық Наурыз мейрамы жақындап қалды. Мереке қарсаңында жылы лебізімді білдіргім келеді. Қытай - Қазақстанның шығысындағы көршісі. Біз жақсы дос әрі серіктеспіз. Біздің елдеріміздің арасында сауда айналымы өте ауқымды. Мысалы, киім, азық-түлік, ойыншықтар. Қытайда қазақстандық азық-түлік те өте танымал. Оның ішінде сүт, қазы, ұн. Қазір Қазақстанда жұмыс істейтін қытайлық жұмысшылар қазақстандық әріптестеріне жол салуға көмектесіп жатыр. Біздің халқымыз ұқсас. Қазақстанда да, Қытайда да ұлттық құндылықтары – үлкендерді құрметтеп, балаларға көмектесу. Тек үйдегі туыстарды ғана емес, жалпы қоғамдағы адамдардың бәрін құрметтеу маңызды. Бұл - біздің ортақ дәстүріміз, - деді дипломат.
Хань Чуньлинь ақпанда Қытай Көктем мерекесі фестивалін атап өткеніне тоқталды. Осы мерекені тойлау кезінде елшілік Астанадағы Mega Silk Way сайда орталығында ауқымды іс-шара өткізді. Осы кезде қытай асханасы жәрмеңкесі өтті. Елшілік бүгін осы жәрмеңкеден түскен ақшаны «Бақытты шаңырақ» қайырымдылық қорына табыстап отыр.
Бүгін біз Наурызды тойлауға жиналып отырмыз. Осы ретте дәстүрлі мерекелер бізді біріктіреді деп айтуға болады. Сондықтан бүгін өздеріңізбен бірге Наурызды, яғни көктем мен отбасы мерекесін атап өту үлкен қуаныш. Барлық балаға мықты денсаулық тілеймін. Сіздер мықты, батылсыздар. Барлық бала елдің дамуына өз үлесін қосып жатыр деп есептеймін, - деді елші.
Қытай елшісі барлығын қазақ-қытай достығының жандануы үшін бірге жұмыс істеуге шақырды.