«Наурызнама» онкүндігі аясында Ұлттық спорт күнінде Гвардейск гарнизонының артиллериялық бригадасының жеке құрамы 5 шақырымдық марш-бросок жасады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жүгіруге 700 әскери қызметкер, оның ішінде офицерлер, сержанттар және мерзімді әскери қызметшілер қатысты. Марш-бросок жеке құрамның физикалық дайындығын, төзімділігін және жауынгерлік үйлесімділігін тексеріп, командалық рухты нығайтты.
Артиллериялық бригаданың командирі, полковник Даулет Жоргатаев әскери қызметкерлердің кәсіби өсуі үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті:
«Физикалық дайындық – әрбір әскери қызметкердің жауынгерлік қабілеттілігінің негізі. Бүгін бригаданың жеке құрамының төзімділігі мен бірлігін жоғары деңгейде екендігін көрсетті, бұл сапалы дайындықты және жетілдіруге ұмтылуды білдіреді. Мұндай жаттығулар жауынгерлеріміздің мінезін шыңдап, жеңіске деген ерік-жігерді қалыптастыруға көмектеседі»
Бөлім командованиесі артиллериялық бригаданың құрамында осындай жүгірулер айына бір рет өтетінін атап өтті.