Ұлттық ұлан сарбаздары Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық спорттан сынға түсті

2750
Фотосурет: ҚР ҰҰ “Батыс” ӨңҚ баспасөз қызметі

Орал қаласындағы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде Наурызнама онкүндігі аясында Ұлыстың ұлы күніне орай ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл мерекелік шара сарбаздардың рухын көтеріп, дене даярлығын шыңдауға бағытталды.

Жарыс барысында сарбаздар асық ату, арқан тарту, гір тасын көтеру және қол күресі бойынша бақ сынасты. Әр сайыс қызу тартысқа толы өтіп, қатысушылар өздерінің шеберліктері мен күш-жігерін көрсете білді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл шара тек спорттық бәсеке ғана емес, ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, сарбаздар арасында бірлік пен достықты нығайтуға да ықпал етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -