Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Польша Республикасының ҚР-дағы Уақытша Сенімді Өкілі Михал Лабендамен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Тараптар екі ел арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыру мәселелерін талқылады.
Фармацевтика өнеркәсібін дамыту, медицина кадрларын оқыту және олардың біліктілігін арттыру, тәжірибе және технологиялармен алмасу салаларындағы ұзақ мерзімді қазақстан-поляк әріптестігінің нәтижелері бірқатар бағыттар бойынша тұрақты оң серпінге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Қазақстан медициналық білім және ғылым саласындағы бірлескен бастамаларды іске асырудың табысты тәжірибесін атап өтіп, Польша университеттерімен әріптестікті одан әрі кеңейтуге ниетті, деп атап өтті министр.
Кездесу барысында санаторийлік-курорттық емдеу желісін дамыту, трансплантологияны күшейту, цифрлық технологиялар мен медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру саласында тәжірибе алмасу ұсынылды.
Поляк дипломаты бірлескен жобаларды іске асырудағы үлкен әлеуетті атап өтіп, барлық айтылған бастамаларға қолдау білдірді.
Денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында қазақстандық тарап 2025 жылы Қазақстан мен Польша арасындағы ведомствоаралық келісімді әзірлеуге мүдделілік білдірді.