Спорт пен дәстүр мерекесі: Астанада «Ұлы дала ойындары» өтті

4818
Фотосурет: Gov

Астанада Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы Дала Ойындары» эстафетасы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Aspan» спорт кешенінде өткен бұл отбасылық эстафетаны Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Эстафетаға 8-10 жас аралығындағы балалар қатысып, барлығы 20 команда (300 адам) бақ сынады.

Жарыс «Игра в кальмара» телесериалының форматына ұқсас ұйымдастырылып, жалпы 5 кезеңнен тұрды. Әр команда 5 отбасынан құралды, барлығы 15 адам: 5 әке, 5 ана, 5 бала болып сайысқа түсті.

Жарыс ережесіне сәйкес, әкелер өзара жамбы ату, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, ләңгі тебу спорт түрлерінен сайысқа түссе, аналар тепе-теңдікті сақтай отырып жүру, шаш өру, тоғызқұмалақтан өнер сайысына түсті. ал балалар бәйге, теңге ілу, көкпар, қаппен секіру, асық жинау сияқты жарыстарға қатысты.

Жарысқа қатысушылар ұлттық спорт түрлерінде өз шеберліктерін көрсетіп, ерекше әсер алды. Осылайша, жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -