Алматыда Наурыз мейрамына орай қоғамдық көліктер жарқын мерекелік элементтермен әшекейленді. 20 наурыз бен 22 сәуір аралығында қала көшелерінде Наурыздың дәстүрі мен рухын бейнелейтін 90 автобус және 10 троллейбус жүреді, деп хабарлайды DKnews.kz.
«Алматыэлектротранс» ЖШС мәліметінше, қоғамдық көліктер ұлттық ою-өрнектермен және табиғаттың жаңаруы мен көктемгі оянуды бейнелейтін суреттермен безендірілген.
Компания өкілдері безендірілген көліктер жолда мерекелік атмосфера құрып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлауды мақсат ететінін атап өтті.