Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Канада арасында консулдық консультациялар өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Кездесу барысында тараптар визалық мәселелер, көші-қон үдерісін жетілдіру және консулдық саладағы өзара ынтымақтастық перспективаларын қоса алғанда кең ауқымды мәселелерді талқылады.
Қазақстандық азаматтар үшін канадалық визаларды беру рәсімдерін жеңілдетуге ерекше назар аударылды.
Канадалық тарап өтініштерді өңдеуді едәуір жеңілдететін канадалық визаны ресімдеу кезіндегі жаңалықтар туралы хабардар етіп, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары үшін өтінімдерді қарастыру және виза беру уақыты қысқарғанын атап өтті. Сонымен бірге Канаданың өкілдері заңды көші-қон саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығын білдірді.
Консультациялар нәтижесінде тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың нақты қадамдарын белгілеп, негізгі және перспективалық бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.