Әскери инженерлер Ақтөбе облысындағы Ойыл өзеніне уақытша өткел орнатты

7711
Фотосурет: Gov

Инженерлік әскерлерге қарайтын 58012 әскери бөлімінің күш-құралдары Ойыл ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға жұмылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шұбарқұдық станциясына Қонаев гарнизоны инженерлік-саперлік бригадасының әскери қызметшілері теміржол көлігімен жетті. Олармен бірге платформада понтон көпірі паркінің элементтері, соның ішінде понтон көпірінің сегменттері бар екі ауыр тонналық көлік (КрАЗ-255Б), жүзетін транспортер және КамАЗ және КрАЗ базасындағы екі сүйреткіш-моторлы қайық жеткізілді.

Бізде өткел жасау тәжірибесі бар. Өткен жылы біздің бөлім қатынас жолдарынан ажырап қалған ауылдардағы адамдарды, техника мен материалдық құралдарды тасымалдауға көмектесті Деп түсіндірді понтонды-көпір батальонының командирі майор Наурызхан Төлеуов

Әскери инженерлер тобы жұмысқа кірісті. Әскери қызметшілер Ойыл, Ақтоғай, Қараой және Сарыбие ауылдық округтері тұрғындарының арасындағы қатынасты қамтамасыз етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -