2025 жылғы 22 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ақтөбе облысы
- «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
Қостанай облысы
- «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 9 шақырым аралығы.
Солтүстік Қазақстан облысы
- «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Барлық учаскелерде айналма жолдар қарастырылған. Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 105 арнайы техника мен 158 маман жұмылдырылды.