Шығыс Қазақстан су тасқынына дайындалуда

6710
Фотосурет: Gov

ШҚО-да ТЖМ әскерилері су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алтай ауданында биыл жауған қардың көп мөлшері себебінен қар тазалау және шығару жұмыстары күшейтілген тәртіпте жүргізілуде.

Техника жетпейтін жерлерде бұл жұмыстарды көмекке келген ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің жеке құрамы жүргізуде.

🪖Бүгінгі күні еріген судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету үшін әскерилер Алтай қаласы, Зубовск кенті және Тұрғысын ауылында 9 су өткізгіш құрылысты, 2380 м арықтарды тазартты. 

Оған қоса, ауданның ТЖ басқармасының қызметкерлерімен және еріктілермен  бірлесіп, жауынгерлер су тасқыны кезеңі және ондағы тәртіп ережелері туралы ескертіп, халықпен нұсқаулық өткізуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 - 2025